Автор: ADMIN
Көкшетауда ерекше азаматтарға арналған орталық салынып жатыр: 1500 адам жылына көмек алады
Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін заманауи оңалту орталығының құрылысы жүріп жатыр. 150 орындық кешен «AMANAT» партиясы мен Президент бастамасы аясында салынуда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Орталық жылына 1500-1800 адамға медициналық және оңалту қызметтерін ұсынуға қауқарлы. Ол тәулік бойы қызмет көрсетіп, барлық қажетті жағдаймен жабдықталады.
Құрылыс «Сарыарқа» шағынауданында орналасқан. Аумағы – 12 мың шаршы метрден асады. Бірақ жобаны қайта қарау мен қаржыландыру қиындықтарына байланысты орталық тек 2027 жылы пайдалануға беріледі.
«AMANAT» партиясының айтуынша, мұндай орталықтар ерекше жандардың өмір сапасын арттырып, қоғамға бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді. Партия жобаның кешігуіне кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде.
Сонымен қатар, партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында облыста 1000-нан астам нысан жаңартылып, тағы 176 нысан бейімделеді. Мектептерде инклюзивті білім, инватакси, тегін жол жүру мүмкіндігі де қолға алынған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
Soñğı 50 jıldağı Qıtayda bolğan iri ört apattarına şolu
Сырьё тянуло рынок вниз, банки — вверх
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh