Автор: ADMIN
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады: кімдер қатысуы керек?
2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл — аграрлық сектордың жағдайы мен құрылымы туралы нақты деректер жинауға арналған маңызды шара, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Санаққа фермерлер, жеке қосалқы шаруашылық иелері, заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатысады.
1-кезең (1–31 тамыз): sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Респонденттер жүйеге ЭЦҚ, СМС немесе QR-код арқылы кіреді.
2-кезең (20 қыркүйек – 20 қазан): интервьюерлер үй шаруашылықтарын жеке аралайды.
Сауалнаманы толтыру кезінде Sanaq-Myrza атты виртуалды көмекші арқылы кеңес алуға болады. Сондай-ақ 1446 байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді.
Санақ нәтижелері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығына арналған саясатты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى