Автор: ADMIN
Аралда 1,5 миллион көшет өсірілетін жаңа тұқымбақ салынып жатыр
Арал теңізінің құрғаған табанын жасыл желекке айналдыру мақсатында Қызылорда облысында жаңа орман тұқымбағының құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысан жылына 1,5 миллион көшет өсіруге қауқарлы, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Экология министрі Ерлан Нысанбаев Арал өңіріне сапармен барып, орман-мелиорация жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда тұқымбақтың аумағы – 15 гектар, ұңғымалар қазылып, қызметкерлерге арналған модульдік кешендер орнатылған.
Жаңа тұқымбақ аридтік аймаққа бейімделген көшеттерді тиімді өсіруге, әрі тасымал шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл — Аралды қайта жандандыру жолындағы маңызды қадам.
Сапар барысында 2023–2025 жылдары егілген 15 мың гектардан астам екпе алқаптары тексерілді. Ғалымдармен бірге отырғызу әдістерін жетілдіру және жерсіндіру деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı