Автор: ADMIN
Камчаткада соңғы онжылдықтағы ең қуатты зілзала тіркелді: Цунами қаупі бар
Камчатка түбегіне жақын маңда 8,5 балдық жер сілкінісі тіркеліп, бұл соңғы онжылдықтағы ең қуатты дүмпу ретінде бағаланды. Бірқатар елдерде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ресей ғылым академиясының геофизикалық қызметі зілзала ошағы жағалаудан 161 шақырым қашықтықта, 32 шақырым тереңдікте орналасқанын мәлімдеді. Бастапқыда 7,5 балл деп бағаланған дүмпу кейін 8,5-ке дейін нақтыланды. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, кейінгі дүмпулер 7,0 және одан төмен баллмен тіркелді.
Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жағалауда цунами болуы мүмкін деген болжаммен тұрғындарға суға жақындамау ескертілді. Камчатка губернаторы Владимир Солодов бұл дүмпудің әлеуметтік маңызы бар нысандарға әсерін анықтау үшін мектептер мен балабақшаларды тексеру басталғанын хабарлады. Бір балабақшада қабырға құлағанымен, ғимаратта бала болмаған.
Сахалин мен Жапонияда да цунами қаупі жарияланып, халық қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Әлеуметтік желілерде табиғи апаттың сәттері бейнеленген видео мен суреттер тарап жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
По проекту Конституции поступило более 10 тысяч обращений
Olimpiada-2026: Kazahstanskie mogulistki ostalis' bez medaley
Olimpiada-2026: Qazaqstandıq mogulşı qızdar jüldesiz qaldı
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy