Автор: ADMIN
Алматы облысында алапат өрт шықты: 40 гектар жер жанып кетті
Алматы облысы Қарасай ауданындағы таулы аумақта болған орман өртінен 40 гектар аумақ отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл әрекет етуінің арқасында жалын толық сөндірілді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Өрт туралы хабарлама 112 пультіне таңертең келіп түскен. Оқиға орнына 100-ден астам қызметкер мен 20 арнайы техника, сондай-ақ тікұшақ жұмылдырылды. «Қазавиақұтқару» тікұшағы 8 рет су шашып, 24 тонна су пайдаланылған.
Таулы рельеф, кіреберіс жолдардың болмауы және қалың өсімдіктер өртті сөндіруді қиындатты. Алайда күштік құрылымдардың үйлесімді жұмысы жалынды ауыздықтауға мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı