Автор: ADMIN
Футбол жанкүйерлеріне жаңалық: 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі Лас-Вегаста өтеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Шара 5 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бастапқыда бұл рәсімді өткізуге Канада мен Мексика да үміткер болған. Алайда, жарыс ұйымдастырушылары таңдауын әйгілі Лас-Вегасқа тоқтатты. Жеребе тарту 2023 жылы ашылған Sphere ойын-сауық аренасында өтеді. Бұл — заманауи технологиялармен жабдықталған, 54 мың шаршы метрлік, 18 600 адамға арналған алып кешен. Аренада түрлі шоу мен спорттық турнирлер өткізіліп тұрады. Мысалы, өткен жылы дәл осы жерде UFC 306 турнирі өткен.
Естеріңізге сала кетейік, мундиаль 2026 жылы 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл — 48 құрама қатысатын тұңғыш әлем чемпионаты болмақ. Жанкүйерлер үшін тартысты ойындар, жаңа формат және эмоцияға толы турнир күтіп тұр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті

قىزىلوردادا قاريلار بايقاۋى وتتى.

Қызылордада Қарилар байқауы өтті
Последние новости

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті