Автор: ADMIN
Алматыдағы «Халық Арена» мен «Атлетикалық ауыл» жаңарады: Спорт нысандары жөндеуден өтпек
Алматы қаласындағы маңызды спорт кешендері — «Халық Арена» мен «Атлетикалық ауылға» жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Өткен жылы «Халық Арена» мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Қазіргі таңда бұл кешенді «Алматы қаласының спорттық ғимараттары дирекциясы» ЖШС сенімгерлік басқаруға алған. Енді мекеме кешенде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лотқа сәйкес, жөндеу жұмыстарына 43 467 244 теңге бөлінбек. Мердігер:
• қабырғалардағы жарықтарды жөндеп, бояу жұмыстарын жүргізеді;
• киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелерді қалпына келтіреді;
• мұз жинауға арналған арнайы шұңқырларға гидрооқшаулау жасайды;
• пандустар мен баспалдақтарды жаңартады.
Жөндеуден кейін мердігер мекеме екі жылдық кепілдік беруге міндетті.
Сонымен қатар, Нұркент 5/11 мекенжайындағы «Атлетикалық ауыл» да жаңартудан өтеді. Бұл нысан 2017 жылғы Универсиада қарсаңында салынған болатын. Жөндеуге 42 841 234 теңге бөлініп, бөлек лот ретінде жарияланды.
Алматылық спорт нысандарының жаңартылуы қала тұрғындары мен спортсүйер қауым үшін үлкен мүмкіндік болмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
وتكروەتسيا پرياموي اۆيارەيس مەجدۋ كوستاناەم ي تاشكەنتوم
Otkroetsya pryamoy aviareys mejdu Kostanaem i Taşkentom
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı