Автор: ADMIN
Абайдың 180 жылдығы: Ұлы ойшылға арналған тағылымды мереке
10 тамыз – қазақ руханиятының шамшырағы, ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. 2020 жылдан бері бұл күн ресми түрде «Абай күні» ретінде аталып келеді. Биыл халқымыздың ұлы перзентінің дүние есігін ашқанына 180 жыл толып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Абай (1845-1904) – қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған, ұлттың ой-санасын жаңа белеске көтерген бірегей тұлға. Ол қазіргі Абай облысының Қарауыл ауылында дүниеге келіп, бала кезінен білімге құштар болып өсті. Медреседе араб, парсы, түркі және орыс тілдерін меңгеріп, Шығыс пен Батыс әдебиетінің жауһарларын зерттеді.
Пушкин, Лермонтов, Крылов, Гёте, Байрон сияқты әлем әдебиетінің алыптарын қазақ тіліне аударып, халыққа танытты. Оның 45 «Қара сөзі» – мәңгілік рухани қазына. Бүгінде Абайдың есімі облыстарға, университеттерге, театрларға, көшелерге берілген, ал ескерткіштері әлемнің түрлі елінде бой көтерген.
Абайдың мұрасы – тек қазаққа ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ. Ол «мал үшін емес, ар үшін өмір сүруге» шақырған кемеңгер.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı