Автор: ADMIN
Тарихи келісім: Армения мен Әзербайжан соғысты тоқтатты
Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бейбітшілік жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойды. Бұл – екі ел арасындағы ұзақ жылдарға созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Келісім бойынша тараптар әскери қимылдарды толық тоқтатып, сауда байланыстарын, сапарларды және дипломатиялық қатынастарды қайта қалпына келтіреді. Сондай-ақ олар бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындады.
Зангезур дәлізі төңірегіндегі дауға да нүкте қойылды. «Трамп жолы» деп аталған бұл дәліз Әзербайжанға Нахчыванмен тікелей қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымдық жобалар америкалық компанияға 99 жылға жалға берілмек.
Әзербайжан мен Армения басшылары Дональд Трампты Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы бастама көтерді. Бұл декларация – тарихта алғаш рет екі ел қол қойған толыққанды бейбіт келісімнің негізін қалауы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Япония планирует закупать нефть из Казахстана
Жапония Қазақстаннан мұнай алуды жоспарлап отыр
Putin käsipkerlerge Ukrainağa qarsı soğısqa qarjı saludı wsındı
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana