Автор: ADMIN
Азия чемпионатында қазақ қыздары 7 медаль жеңіп алды
Таиланд астанасы Бангкокта өткен 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. Бұл – отандастарымыздың құрлықтық додадағы айтарлықтай жетістігі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Азия чемпионы атағын Құралай Егінбайқызы (80 келі) жеңіп алды. Ол финалда үндістандық Критика Уасаннан 3:2 есебімен басым түсті. Күміс жүлдені Аяжан Ермек (57 келі) иеленсе, қола медальға Айым Таңқыбаева (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Алина Құдайгенова (60 келі), Ақбота Есімбекова (65 келі) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) қол жеткізді.
Жарысқа 25 елден 396 спортшы (237 ер және 159 қыз) қатысып, қазақстандық спортшылардың өнері жанкүйерлердің зор қошеметіне бөленді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Unemployment Benefits to Increase in Kazakhstan Starting in 2027.
2027 jıldan bastap jwmıssızdıq boyınşa äleumettik tölemniñ mölşeri artadı.
2027 جىلدان باستاپ جۇمىسسىزدىق بويىنشا الەۋمەتتىك تولەمنىڭ مولشەرى ارتادى.
Последние новости
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Tokayev Criticizes TikTok Over Its Impact on Young People.