Автор: ADMIN
Түркияны дүр сілкіндірген жер асты дүмпуі: 6,1 магнитудалы зілзала бірнеше аймақты қамтыды
10 тамыз кешке Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир өңірінде 6,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының мәліметінше, дүмпу сағат 19:53 шамасында, 11 шақырым тереңдікте орналасқан Сындыргы ауданында болған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жер сілкінісінің дүмпуі Измир, Ыстамбұл, Маниса, Ушак, Айдын, Эскишехир, Сакарья және тағы бірнеше қалада сезілген. Салдарынан Сындыргыда бір ғимарат қирап, екі адам үйінді астынан құтқарылды, тағы екеуін шығару жұмыстары жалғасып жатыр.
Негізгі дүмпуден кейін магнитудасы 4,6; 4,1 және 4,0 болатын үш афтершок тіркелген. Жер асты толқындарының тереңдігі 6,78–16,07 шақырым аралығында болды. Ыстамбұлда тұрғындар үйлерін тастап, саябақтар мен ашық алаңдарға жиналды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған зардап шеккендерге қолдау білдіріп, зілзала болған сәттен бастап барлық тиісті қызметтердің жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жапония Қазақстаннан мұнай алуды жоспарлап отыр
ياپونييا پلانيرۋەت زاكۋپاتь نەفتь يز كازاحستانا
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana