Автор: ADMIN
Еуропаға сапар ережелері өзгереді: 12 қазаннан бастап туристерді биометриялық тексеру күтіп тұр
12 қазаннан бастап Еуропалық Одаққа баратын туристер шекарадан өту кезінде жаңа тәртіпке тап болады. Бұл күні ЕО елдері дәстүрлі паспортқа мөр басу жүйесінен бас тартып, оның орнына биометриялық деректерді тіркеуге арналған Кіру/Шығу жүйесін (EES) іске қосады. Жүйе ЕО-ға кірмейтін елдердің азаматтарына қолданылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
EES арқылы саяхатшылардың бет-бейнесі мен саусақ іздері арнайы сканерден өткізіледі. Бұл деректер үш жыл бойы сақталады да, кейін автоматты түрде жойылады. Процедурадан бас тартқан адамдарға ЕО аумағына кіруге рұқсат берілмейді. Жаңа жүйе Кипр мен Ирландиядан басқа барлық ЕО елдерінде және Шенген аймағына кіретін Исландия, Лихтенштейн, Норвегия мен Швейцарияда қолданылады.
Бұл жаңашылдық 2026 жылдың соңында іске қосылатын Еуропалық ақпараттық және сапарға рұқсат беру жүйесіне (ETIAS) дайындық ретінде енгізілуде. ETIAS бойынша, ЕО-ға кірмейтін елдердің азаматтары сапар алдында 20 еуро көлемінде алым төлеп, алдын ала рұқсат алуы тиіс болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
28 қазан – Халықаралық анимация күні
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения