Автор: ADMIN
Жерге қауіпті астероид жақындап келеді: көлемі ұшақпен бірдей
Осы апта соңында диаметрі 50 метр болатын 2025 PM астероиды Жерге бұрын-соңды болмағандай жақын ұшып өтеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл аспан денесі 17 тамыз күні, сағат 15:03-те, Ай орбитасының шамамен бір диаметріне тең қашықтықтан өтеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
NASA 2025 PM көлемін ұшақпен салыстырады. Ол Аполлондар тобына жататын околожерлік астероид саналады, яғни орбитасы Жер орбитасын сырт жағынан қиып өтеді. Деректерге сүйенсек, астероид Жерден 1 млн шақырымнан сәл асатын қашықтықтан ұшып өтеді. Қауіпті астероидтар тізіміне енгізілгеніне қарамастан, оның Жерге соғылу ықтималдығы өте төмен.
Бұдан бөлек, NASA диаметрі 16,7 метр болатын тағы бір 2025 PR1 астероидын бақылауда ұстап отыр. Ол 16 тамызда Жерге 980 мың шақырымға дейін жақындайды. Мамандардың айтуынша, 2025 PM тасты жыныстан тұратын массивті құрылым, тек басқа аспан денесімен соқтығысқан жағдайда ғана бағытын өзгертуі мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı