Автор: ADMIN
Зеленский Ресей мен АҚШ-пен үшжақты келіссөзге қатысуға дайын екенін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей және АҚШ-пен үшжақты келіссөзге қатысуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz
Мемлекет басшысы 18 тамызда Вашингтонда Дональд Трамппен кездесу өткенін айтты. Ол әңгімені “ұзақ әрі мазмұнды” деп сипаттап, алдымен жеке жүздескенін, кейін еуропалық көшбасшылар да қосылғанын жеткізді. Кездесу 1,5 сағатқа созылған.
Трамп Зеленскийге Путинмен өткен келіссөздер және талқыланған негізгі тақырыптар туралы мәлімет берген. “Біз Украина – Америка – Ресей форматындағы үшжақты кездесуге қатысты президент Трамптың ұсынысын қолдаймыз”, – деді Зеленский.
Еске сала кетсек, 15 тамызда Аляскадағы әскери базада Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин бірнеше сағатқа созылған келіссөз өткізген еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Казахстане назвали основные препятствия для развития телемедицины
Последние новости
В Казахстане назвали основные препятствия для развития телемедицины
Қазақстанда телемедицинаны дамытуға қандай кедергілер бар?