Автор: ADMIN
Пәкістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 330 адамға жетті
Пәкістанның солтүстігінде нөсер жауын салдарынан болған жойқын су тасқыны жүздеген адамның өмірін қиды. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 330-ға жеткен, деп хабарлайды Shalqar.kz
Geo News дерегінше, бір түн ішінде іздестіру-құтқару топтары көшкін мен сел қиратқан үйлердің астынан ондаған адамның мәйітін тапқан. Хайбер-Пахтунхва провинциясында 307 адам, Гилгит-Балтистанда 12, Азад Кашмирде 11 адам қаза тапты.
Билік 32 тұрғынның әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сондай-ақ аймақта нөсер жаңбыр 21 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.
Премьер-министр Шахбаз Шариф шұғыл түрде дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да қажетті көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізуді тапсырды. Бұған дейін қаза тапқандар саны 194 адам деп хабарланған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ ەتوم گودۋ زا نەزاكوننىي زابور ۆودى ۆىپيسالي شترافى نا 41 ملن تەنگە
كازاحستانسكيە گيمناستى ۆوشلي ۆ توپ-6 نا ەتاپە Challenge Cup ۆ ۆارنە
Последние новости
Kazahstanskie gimnastı voşli v top-6 na etape Challenge Cup v Varne