Автор: ADMIN
Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты
Қызылорда қаласының сол жағалауындағы жаңа ауданда «Келешек мектептері» жобасы аясында өңірдегі алғашқы білім ордасы ашылды. Жаңа мектептің тұсаукесеріне 400-ден астам ата-ана, оқушы және республикалық пен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
900 орындық бұл мектеп цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті тиімді пайдалану талаптарына сай салынған заманауи білім ордасы саналады. Мұнда 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі оқушылар білім ала алады. Мектеп жаңа жиһаздармен, заманауи цифрлық құрылғылармен және интерактивті технологиялармен толық жабдықталған.
Ғимаратта пандус, лифт, тактильді бағыттағыштар мен сахнаға арналған арнайы құрылғылар бар. Ашық есік күнінде ата-аналар мен журналистерге робототехника кабинеті, STEM-зертханасы, өнер және жобалау сыныптары, тігін және аспаздық шеберханалары таныстырылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı