Автор: ADMIN
Қазақстанда азық-түлік қымбаттап барады: бес жылда бағасы екі есеге өскен тауарлар белгілі болды
Қазақстанда соңғы бес жылда азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттағаны белгілі болды. Ұлттық статистика бюросы 2020 және 2025 жылдардағы деректерді салыстырып жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ең көп қымбаттаған өнім – қызылша, бағасы 191%-ға өсіп, үш есеге артқан (135 теңгеден 398 теңгеге). Қырыққабат 134%-ға қымбаттап, 83 теңгеден 194 теңгеге жетті. Екі есе өскендер қатарында арпа-бидай наны (554 тг), майонез (1992 тг), пияз (218 тг), карамель (1573 тг), қант (432 тг) бар.
Сүт, ет және нан өнімдерінің бағасы да шарықтады. Мысалы, 3,2% майлылықтағы сүт литрі 269 теңгеден 534 теңгеге жеткен. Сиыр еті 67%-ға қымбаттап, келісі 1905 теңгеден 3188 теңгеге көтерілді. Жылқы еті де 50%-ға өсіп, 3294 теңгені құрады. Ал бірінші сортты ұннан жасалған нан 47%, екінші сортты ұннан жасалған нан 46% өскен.
Ең аз қымбаттаған өнім – қарақұмық жармасы, оның бағасы небәрі 15%-ға өсіп, 383 теңгеден 440 теңгеге жеткен. Бюро дерегінше, соңғы бес жылда бірде-бір негізгі азық-түлік арзандаған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Otkroetsya pryamoy aviareys mejdu Kostanaem i Taşkentom
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى