Автор: ADMIN
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиада жолдамасы үшін Бейжіңде бақ сынайды
Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне қатысады. Жарыс Қытай астанасы – Бейжіңде өтпек, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ерлер құрамасында Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Олег Мельников және Артур Смағұлов сынға түседі. Мұздағы биден Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова ел намысын қорғайды. Бұған дейін Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина іріктеуден өтіп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.
Қазақстандық спортшылардың басты қарсыластары арасында Оңтүстік Кореядан Хенгем Ким, Франциядан Франсуа Пито, Түркиядан Бурак Демирбога, Австриядан Маурицио Зандрон, Чехиядан Георгий Рештенко және өзге де спортшылар бар. Олимпиадаға жолдама алу үшін үздік бестікке ену қажет.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo