Автор: ADMIN
Қазақстанда жұмыссыз азаматтарға “жұмысқа орналасу мүмкіндігі” туралы SMS-хабарлама жолданады
Елімізде өмірлік қиын жағдайда қалған жұмыссыздарға мемлекеттен қолдау көрсетілмек. Алдағы уақытта олар “жұмысқа орналасу мүмкіндігі” жайлы SMS-хабарламалар ала бастайды, деп хабарлайды Shalqar.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қазіргі таңда тіркеуде тұрған жұмыссыздардың ішінен 24 790 қазақстандыққа осындай хабарламалар жіберіледі. Бұл тізімге тұрмыстық жағдайы ауыр азаматтар енгізілген.
Хабарлама мәтінінде: “Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады” – деп көрсетілген.
Айта кетсек, ауыл шаруашылығы санағы елімізде 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Санақ әдеттегідей жеке сұхбаттасу әдісі арқылы жүргізіледі және оған арнайы қызметкерлер тартылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
Astana AI Film Festival-ге 50 елден 300-ден астам өтінім түсті
Последние новости
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней