781?wXp5n Шалкар
Мир

Автор: ADMIN

Мир

Следуй за нами

25

Қытай роботтары кәсіби бишілермен бірге сахнада өнер көрсетті

news single


Қытай технология саласында тағы да жаңалық жасады! Бұл жолы адамға ұқсас роботтар кәсіби бишілермен бірге бір сахнада өнер көрсетті. Бірнеше күндік дайындықтан өткен құрылғылар би қойылымын шынайы әрі әсерлі орындап, көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Желіде тараған видео миллиондаған қаралым жинап, қолданушылардың қызу талқылауына себеп болды. CCTV мәліметінше, ерекше қойылым «BOT» деп аталады. Оған қатысқан роботтар толығымен Қытайда жасалып, елдің алдыңғы қатарлы технологиялық компаниялары әзірлеген жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталған.

Бұл бірегей роботтарды Қытайдың «Юшу технология» компаниясы жасаған. Қойылымда өнер көрсеткен модель – «H1». Ол шамамен 180 см биіктікте, 70 кг салмақта. Бұл – 2023 жылдың тамызында шығарылған алғашқы толық өлшемді гуманоид робот.

H1-дің мүмкіндіктері қандай?
Бұл робот жоғары қозғалыс икемділігімен ерекшеленеді. Ол орнында бұрылу, төңкерілу сияқты күрделі қимылдарды оңай орындай алады. Сондай-ақ сыртқы күш әсер еткен жағдайда тепе-теңдігін жылдам қалпына келтіріп, қозғалысын жалғастыра алады. Бұл оның жетілдірілген теңгерім алгоритмі мен жоғары деңгейдегі аппараттық дизайнының нәтижесі.

Қытайдың осындай технологиялық жетістіктері болашақта роботтардың өнер, спорт және басқа да салаларда кеңінен қолданылатынын көрсетеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз