781?wXp5n Шалкар
Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Следуй за нами

23

Қазақы ит тұқымдарына құрмет: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

news single


Қазақстанда 3 қыркүйек – Тазы мен төбет күні болып бекітілді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Үкіметтің тиісті қаулысына өзгеріс енгізіліп, Қазақстанның ресми мерекелер тізіміне “Қазақы ит тұқымдары күні” қосылды.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл бастама ұлттық мәдени мұраны дәріптеу мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, ерекше мереке этнография мен қазақтың аңшылық дәстүріне қызығатын туристердің назарын аударуға ықпал етеді.

 “Тазы мен төбет – халқымыздың ғасырлар бойғы серігі, қазақы дәстүрдің ажырамас бөлігі. Оларды дәріптеу кинология саласының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономикалық өсімге оң әсерін тигізеді,” – деп мәлімдеді министрлік.

Мереке аясында арнайы көрмелер, жарыстар, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар ит асыраушылар мен мамандарға тәжірибе алмасуға, қазақы тұқымдардың ерекшеліктерін зерттеуге және оларды сақтау мәселесін көтеруге мүмкіндік береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз