781?wXp5n Шалкар
Саясат

Автор: ADMIN

Саясат

Следуй за нами

8

Қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысында жаңа мектеп бой көтереді

news single


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заң аясында, Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда. Осы орайда, Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық жаңа мектептің құрылысына 1,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл білім беру нысаны “Вокзал” шағын ауданында салынады, онда қазіргі уақытта балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерге автобуспен қатынап оқуға мәжбүр. Жаңа мектептің салынуы оқушыларға заманауи талаптарға сай білім алуға қолайлы жағдай жасап, олардың білімге қолжетімділігін арттырады.

Айта кетейік, Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына шамамен 56,6 миллиард теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддер қаласындағы көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавл қалаларындағы екі балабақша бар.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз