Автор: ADMIN
Қазақстандықтардың банк шоттары бақылауға алынуы мүмкін
Қазақстанда мемлекеттік кірістер органдарына азаматтардың банк шоттарын тексеруге рұқсат берілуі ықтимал. Егер жаңа талап күшіне енсе, шенеуніктер қазақстандықтардың шотындағы қаражат қалдығын ғана емес, олардың жұмсалу бағытын да көре алады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, үкімет банктерді өз клиенттері туралы белгілі бір ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттей алады. Егер құжат қабылданса, банктер келесі деректерді ұсынуға тиіс болады:
• шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы ақпарат;
• қаражат қалдығы мен қозғалысы жөніндегі мәліметтер;
• алынған несиелер туралы деректер;
• 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы – 78,64 млн теңге) асатын мүлік сатып алған азаматтардың шотындағы қаражат қалдығы мен қозғалысы.
Бұл талап активтер мен міндеттемелер (250.00-нысан) және кірістер мен мүлік (270.00-нысан) туралы декларация тапсыруға міндетті тұлғаларға қатысты болмақ.
Жаңа ережелердің мақсаты – азаматтардың кірістері мен мүлкін ашық қадағалау, салықты әділ төлеуді қамтамасыз ету, бюджет кірістерін арттыру және көлеңкелі экономиканы азайту.
Қаржы министрлігі құжат жобасын 2025 жылдың 9 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға шығарды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple қайтадан әлемдегі ең қымбат компания атанды
تجم: بيىل سۋعا كەتكەندەردىڭ كوبى تىيىم سالىنعان جەردە كوز جۇمعان
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire