Автор: ADMIN
Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион бой көтермек
Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынбақ. Жоба 35 мың көрерменге есептелген және УЕФА-ның 4-санат талаптарына толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа спорттық нысан Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, шамамен 15 гектар аумақта бой көтереді. Дизайн жобасында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және кең ауқымды абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Бұл орын болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасамақ.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары жеделдетіледі. «Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуға тиіс. 2026 жылы бұл жұмыстарды толық қолға аламыз. Сондай-ақ, бұл аумақта метро станциясын және Алматы логистикалық хабын салу жоспарда бар», – деді ол.
Сонымен қатар, Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып саналатын 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, оның жеңіл атлетика инфрақұрылымы жаңғыртылмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Delo Janabılovıh napravleno v sud
Дело Жанабыловых направлено в суд
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд