Автор: ADMIN
1 қазаннан бастап кімдерге медициналық маска тағу міндеттеледі?
Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжат тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы вакцина салу науқаны басталады. Медициналық ұйымдарда дезинфекция шаралары күшейтіледі. Ал 1 қазаннан бастап барлық медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска тағу режимі енгізіледі.
Сондай-ақ, тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға дәрігерлердің үйге келу шақыруы бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.
Балабақшаларда таңертең балалардың жағдайы тексеріліп, тұмау, ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері байқалған жағдайда олар топтан оқшауланады. Ал мектептерде бір сыныптың 20-30% оқушысы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда кабинетте оқыту тоқтатылып, 10 күн бойы жаңа оқушыларды қабылдауға тыйым салынады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
وتكروەتسيا پرياموي اۆيارەيس مەجدۋ كوستاناەم ي تاشكەنتوم
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى