Автор: ADMIN
Алматының ескі автобустары мен троллейбустары аукционға шығарылды
Алматыда қала ішінде қатынаған ескі автобустар мен троллейбустар темір-терсек ретінде сатылуда. Аукционға барлығы 166 көлік қойылған. Саудаға шығу туралы хабарлама Электронды сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Лоттың бастапқы бағасы 37,6 миллион теңге болып белгіленген. Қоғамдық көліктердің пайдалануға жарамсыз болуына байланысты оларды қайта өңдеуге өткізбек. Айта кетейік, автобустар мен троллейбустар 2008 жылы сатып алынған.
Қазіргі таңда бұл көліктер Алматы облысында сақтаулы тұр. Ескі қоғамдық көліктерді сатуды “Алматыэлектротранс” ЖШС ұйымдастырған. Компания директоры Александр Бейсембиевтің айтуынша, бұл шешім компанияның жалғыз қатысушысының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысы негізінде қабылданған. Аукцион 2 қыркүйек күні сағат 10:00-де басталады.
Сатып алушы көліктерді өзі алып шығуға міндетті. Сонымен қатар, оларды қойма аумағында бөлшектеуге рұқсат жоқ. Көліктер ашық аспан астында сақталып тұр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى