Автор: ADMIN
Қыркүйектен қарашаға дейін қазақстандықтар емхананы еркін таңдай алады

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін елімізде халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарына бекіту науқаны басталды. Бұл қазақстандықтарға өз емханасын таңдауға немесе ауыстыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тіркеуге өтініш бергендер келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа емханада қызмет ала алады. Бұл мүмкіндікті Қазақстан азаматтары, елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары пайдалана алады (сақтандыру шарты болған жағдайда).
Тіркеу eGov.kz порталы арқылы немесе таңдаған емханада жеке өтініш беру арқылы жүргізіледі. Бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде іске асады. Егер азамат емханасын өзгерткісі келмесе, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
МСАК көрсету отбасылық бақылау қағидаттарына негізделгендіктен, барлық отбасы мүшелерін бір учаскелік дәрігерге бекіту ұсынылады. Бұл медициналық көмектің тиімділігін арттырады. Емхананы қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша, яғни тұрғылықты жерден жаяу 15–20 минутта жететін аумақта таңдау ұсынылады.
Дегенмен, өтініште қате деректердің болуы, басқа елді мекенде тұру немесе емханада пациенттер лимитінің артуы тіркеуден бас тартуға себеп болуы мүмкін. Бір учаскеге бекітілетін халық санының шегі де бар: жалпы практика дәрігеріне – 1700 адамға дейін, учаскелік терапевтке – 2200 ересек адамға дейін, ал педиатрға – жас ерекшелігіне қарай 500-ден 900 балаға дейін.
Жылына бір рет немесе тұрғылықты жерін, жұмысын ауыстырған жағдайда емхананы науқаннан тыс уақытта да өзгертуге болады. Биылғы бекіту науқанына 694 емхана қатысып отыр.
Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар өз емханасының пациенттерді қолдау қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми ресурстарына жүгіне алады: www.msqory.kz сайты, Qoldau 24/7 қосымшасы, Telegram-дағы Saqtandyrybot чат-боты және 1414 байланыс орталығы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى

Qazaqstanda jaña ministrlik qwrıldı: Jasandı intellekt bastı nazarda Qazaqstanda memlekettik basqaru
Последние новости

Qazaqstannıñ 15 öñirinde dauıldı eskertu: twman, üsik pen nayzağay kütiledi

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى