Автор: ADMIN
Мобильді аударымдар кімдер үшін тексеріледі? – Салық органдары нақты түсіндірді
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды бақылау жайында ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл шара қарапайым азаматтарға емес, тауар мен қызмет ақысын заңсыз түрде жеке шотына қабылдап жүрген кәсіпкерлерге бағытталған. Яғни, бастама көлеңкелі бизнесті азайтуға арналған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Салық комитетінің айтуынша, қарапайым адамдарға алаңдаудың қажеті жоқ: туысқа, досқа немесе бала-атаға бұрынғыдай еркін ақша аударуға болады. Тексеріс тек нақты жағдайда ғана жүргізіледі. Егер бір жеке тұлға үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп түрлі адамнан қаражат алса, ол салық органдарының назарынан тыс қалмайды. Бұл ретте аударым саны емес, ақша жіберген адамдардың саны есепке алынады.
Мұндай жағдайда азаматтың деректері банктер арқылы салық органдарына жеткізіледі. Кейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жасап, қажет болса хабарлама жібереді. Егер азамат кәсіпкер ретінде тіркелген болса, тиісті салық есептілігін тапсыруы тиіс. Ал тіркелмеген жағдайда жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрып, табысын декларацияға енгізіп, 10% жеке табыс салығын төлеуі қажет.
Сонымен бірге, егер қаражат тек туыстарынан немесе достарынан түскен болса, азамат түсініктеме беріп, хабарламамен келіспеуге құқылы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Prezident: Qazaqstan cifrlıq bolaşaqqa nıq qadam bastı
Сколько дней мы отдыхаем в августе?
Prezident: Kazahstan uverenno dvijetsya k cifrovomu buduşemu
Последние новости
Tamızda qanşa kün demalamız?
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Skol'ko dney mı otdıhaem v avguste?