Автор: ADMIN
Қазақстандық Балауса Мұздыман бокстан әлем чемпионы атанды
Алматыда өткен бокс кешінде жерлесіміз Балауса Мұздыман (8-0, 6 КО) кезекті жекпе-жегін өткізіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол Үндістандық Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) күш сынасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Екінші жеңіл салмақта өткен титулдық кездесу әр раунды 2 минуттан есептеліп, жалпы 10 минутқа созылды. Жекпе-жек барысында Сингх бірнеше рет нокдаунға түсті. Ал шешуші сәт төртінші раундта орын алып, Мұздыман техникалық нокаутпен жеңісін түйіндеді.
Бұл жеңіс Балаусаның кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісі болып қана қоймай, оған UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуін сыйлады. Ал үндістандық боксшы Мамта Сингх кәсіби мансабындағы үшінші жеңілісін тіркеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu