Автор: ADMIN
Түркия астанасында 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді
Түркияның жүрегі – Анкарада 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары қатты дүрлігіп, үйлерінен сыртқа қашып шыққан. Жер сілкінісі Чанкая аймағында қатты сезілген. TRT мемлекеттік телерадиокомпаниясы маңындағы үйлердің тұрғындары да көшеге шығып кеткен, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының дәмханалар мен сауда орталықтарынан асығыс шығып жатқан сәтін көрсеткен бейнежазбалар тарап жатыр. Дегенмен, ресми мәлімет бойынша қираулар немесе ауыр зардаптар байқалмаған.
Түркияның Апаттарды басқару басқармасының (AFAD) дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Каледжик ауданында, 11 шақырымнан астам тереңдікте орналасқан. Қазіргі таңда жағдай бақылауда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
كازاحستانسكيە گيمناستى ۆوشلي ۆ توپ-6 نا ەتاپە Challenge Cup ۆ ۆارنە
Kazahstanskie gimnastı voşli v top-6 na etape Challenge Cup v Varne
Biıl sudı zañsız paydalanğandarğa 41 mln teñge ayıppwl salındı
Последние новости
Kazahstanskie gimnastı voşli v top-6 na etape Challenge Cup v Varne