Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-09-12 00:05:00

Следуй за нами

34

Маңғыстаудағы сұмдық апат: Бекет-Атаға бара жатқан 10 адам қаза тапты

news single

Маңғыстау облысында қайғылы жол апаты тіркелді. Қарақия ауданы аумағында шағын автобус аударылып, 10 жолаушы көз жұмды. Марқұмдардың барлығы Бекет-Ата әулие кесенесіне зиярат етуге бара жатқан қазақстандықтар болған, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Полицияның алдын ала мәліметінше, 11 қыркүйекте Сенек ауылынан 90 шақырым жерде Toyota Hiace көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан сегіз адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жүргізуші мен екі жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

 

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жансақтау бөліміне жеткізілген 1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылғы әйелдің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Кейіннен бір науқас санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал екінші науқастың жағдайы тұрақталып, бөлімшеге ауыстырылды. Сондай-ақ 1960 жылғы тағы бір әйел травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

 

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, ал қаза тапқандардың туыстарын Маңғыстауға жеткізу үшін ІІМ арнайы ұшақ жіберді.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться