Автор: ADMIN
Махмұд Сабырхан: Қазақстанға әлем чемпионатының екінші алтынын сыйлады
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Ол финалдық жекпе-жекте қарсыласын айқын ұтып, ел қоржынына екінші алтын медальді алып берді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабырхан испаниялық Рафаэль Лосано Серраномен қолғап түйістірді. Біздің спортшы үш раунд бойы сенімді өнер көрсетіп, әр сәтті бақылауда ұстады. Төрешілер бірауыздан жеңісті Махмұд Сабырханға берді.
Бұл жеңіспен Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстан жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Тоқаев TikTok әлеуметтік желісін қатаң сынға алды.
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Последние новости
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Tokayev Criticizes TikTok Over Its Impact on Young People.