Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-09-18 23:35:00

Следуй за нами

116

Оқушылар үшін тегін медициналық қызметтер тізімі жарияланды: ата-аналарға маңызды ақпарат

news single

Жаңа оқу жылы басталған соң ата-аналардың ең жиі қоятын сауалы – балаларға қандай медициналық қызметтердің тегін көрсетілетіні. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы сұраққа нақты жауап берді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде енгізілген. Жарнаны мемлекет төлейтіндіктен, оқушылар кепілдендірілген тегін медициналық көмекті де, МӘМС пакеті аясындағы қызметтерді де ала алады.

 

Оқушыларға қолжетімді қызметтердің ішінде:

 • мектеп медицинасы;

 • стоматологиялық көмек;

 • дәрігер кеңесі;

 • зертханалық талдаулар;

 • заманауи диагностикалық құралдар (УДЗ, рентген, КТ, МРТ);

 • күндізгі және тәулік бойғы стационар;

 • оңалту шаралары;

 • тегін дәрі-дәрмек (белгіленген тізім бойынша);

 • жоғары технологиялық медициналық көмек бар.

 

Мектеп медицинасы нені қамтиды?

Бұл – мектеп пен балабақшадағы балаларға кешенді медициналық көмек көрсету жүйесі. Оның басты мақсаты – оқушылардың денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және тұрақты бақылау жүргізу.

 

Мектеп медицинасына алдын ала тексерулер, демалыс кезіндегі сауықтыру шаралары, дұрыс тамақтануды насихаттау, репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу, екпе жасау, қажет болған жағдайда қосымша тексерулерге жолдау, санитарлық нормаларды бақылау кіреді.

 

Бұл қызметтердің барлығы балалар тіркелген емхана арқылы көрсетіледі. Мектептегі медициналық пункттер арқылы оқушыларды тұрақты бақылауға алып, дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бар.

 

ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенованың айтуынша, ата-аналардың “баланы басқа емханаға тіркеп қойған” деген шағымдары кездеседі. Мұндай жағдай көбіне ақпараттың базаға кеш енгізілуінен туындайды. Баланың скрининг немесе қосымша тексеру нәтижелері толық аяқталған соң ғана жүйеге жүктеледі.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
user icon
Nilda Blankenship Hello We are interested in placing an order with you. We also see potential for reselling more of your products. Please contact us on WhatsApp: +1 825 590 3990

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться