Автор: ADMIN
Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту: тұман, үсік пен найзағай күтіледі

Синоптиктер 19 қыркүйекте еліміздің 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Қала аумағында да найзағай күтіледі. Алматы облысында да найзағай ойнап, таулы өңірлерде тұман болады. Түркістан облысы мен Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталуда.
Абай облысында желдің екпіні күшейіп, найзағай болады. Батыс Қазақстанда және Атырау облысында өрт қаупі жоғары. Ақтөбе өңірінде де жағдай күрделі: кей аймақтарда төтенше өрт қаупі бар. Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай мен қатты жел болжанған.
Маңғыстау облысында найзағай күтіліп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Павлодар облысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл қаупі бар. Жетісуда жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, Қостанайда кей жерлерде үсік жүреді. Шығыс Қазақстанда да найзағай мен тұман күтіледі.
Осылайша, мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты барынша сақ болуды ескертеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды: Жасанды интеллект басты назарда Қазақстанда мемлекеттік басқару

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى
Последние новости

Qazaqstannıñ 15 öñirinde dauıldı eskertu: twman, üsik pen nayzağay kütiledi

قازاقستاننىڭ 15 وڭىرىندە داۋىلدى ەسكەرتۋ: تۇمان, ۇسىك پەن نايزاعاي كۇتىلەدى