Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2025-09-20 22:53:00

Біз әлеуметтік желілерде:

26 жыл күткен жеңіс: Айдос Сұлтанғали Қазақстанға грек-рим күресінен әлемдік алтын сыйлады

news single

Қазақстан спорт тарихында айтулы сәт! Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында 60 келі салмақта белдескен қазақстандық Айдос Сұлтанғали алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Финалда өзбекстандық Әлішер Ғаниевпен жолығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан Айдос ел қоржынына XXI ғасырдағы алғашқы алтын медальді алып берді. Бұл – Қазақстан үшін 26 жыл күткен тарихи жеңіс. Соңғы рет грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының биігіне 1999 жылы Афиныда Мхитар Манукян (63 кг) көтерілген еді. Осы уақыт аралығында Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды мықтылар алтынға бір қадам жақындағанымен, бас жүлде бұйырмаған болатын. Айдос Сұлтанғали – тәуелсіздік алғаннан бері әлем чемпионатының финалына шыққан оныншы қазақ балуаны.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Отбасы 2026-04-15

Qız wzatu

Последние новости

img
Отбасы 2026-04-15

Qız wzatu

img
Отбасы 2026-04-15

قىز ۇزاتۋ

img
Отбасы 2026-04-15

Қыз ұзату

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться