Автор: ADMIN
Алматыда тіркелген жер сілкінісінен кейін қала тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ – ТЖД
Бүгін алматылықтар смартфондарына жер сілкінісі туралы жаппай хабарлама алғанымен, қала ішінде дүмпулер сезілмеді. Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) басшысының міндетін уақытша атқарушы Дамир Ермағамбетов бейнеүндеу жасап, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ермағамбетовтің айтуынша, жағдай толық бақылауда және сейсмологтардың алдын ала мәліметі бойынша қайталама дүмпулер болмайды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда 2023 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі сейсмикалық толқынды дер кезінде тіркеп, қауіп туралы MassAlert жүйесі арқылы хабарлағанын мәлімдеді. Алғаш болып оқиғаны Ақжар сейсмостанциясы тіркеген.
Айта кетейік, жер сілкінісі бүгін, 21 қыркүйекте Астана уақытымен 16:25:19-да Алматыдан 9 шақырым оңтүстік-батыста тіркелді. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,8 болды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Prezident: Kazahstan uverenno dvijetsya k cifrovomu buduşemu
Prezident: Qazaqstan cifrlıq bolaşaqqa nıq qadam bastı
Tamızda qanşa kün demalamız?
Последние новости
Tamızda qanşa kün demalamız?
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Skol'ko dney mı otdıhaem v avguste?