Автор: ADMIN
Канада, Ұлыбритания және Австралия Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми мойындады
Әлемдік саясатта тарихи қадам жасалды: Канада, Ұлыбритания және Австралия Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Канада премьер-министрі Марк Карни Палестинаны тану туралы шешімді жария етсе, Австралия басшысы Энтони Альбанезе өз мәлімдемесінде елінің тәуелсіз әрі егемен Палестинаны 2025 жылғы 21 қыркүйектен бастап ресми түрде мойындайтынын атап өтті. Ұлыбритания да осы бағыттағы ұстанымын бекітіп, Палестинаны мемлекет деп тану жөніндегі шешімін мәлімдеді.
Бұған дейін Португалия да дәл осындай қадам жасап, Палестинаға қолдау білдірген еді. Франция президенті Эммануэль Макрон бұл бастаманың басты қозғаушы күші саналады. Франция мен Португалиядан бөлек, Палестинаны Андорра, Бельгия, Люксембург, Мальта және Сан-Марино сияқты елдер де мойындаған. Осылайша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің төртеуі – Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция – Палестинаны мемлекет ретінде танитын болды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
پو پروەكتۋ كونستيتۋتسيي پوستۋپيلو بولەە 10 تىسياچ وبراщەنيي
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
Olimpiada-2026: Qazaqstandıq mogulşı qızdar jüldesiz qaldı
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy