Автор: ADMIN
Испан клубтары 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаға назар аударуда
Алматылық «Қайрат» командасының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасындағы әсерлі ойынымен еуропалық мамандардың көзіне түсті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Лиссабонның «Спортингіне» қарсы өткен матчтан кейін испан журналисі Давид Руис Ла Лига клубтарының қазақстандық қақпашыны қазірден бастап бақылап жүрген болуы мүмкін екенін айтты. «Мен сенімдімін, «Қайрат» ойыншыларын скауттар «Селтикке» дейін де назарда ұстаған. Бірақ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі – мүлде басқа деңгей. Осындай көрсеткіштен соң Шерханға Еуропаның мықты чемпионаттарынан, соның ішінде Ла Лига клубтарынан да қызығушылық болуы заңды. Оның бойында тамаша қасиеттер бар, әрі ол небәрі 18 жаста», – деді Руис Asnews.kz сайтына берген сұхбатында.
Шерхан топтық кезеңнің алғашқы кездесуінде пенальтиді қайтарып, жанкүйерлерді тәнті етті. «Қайрат» 1:4 есебімен жеңілгеніне қарамастан, жас қақпашының сол сейві ойын күнінің үздік бес сейві қатарына енді. Бұған қоса, Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын жаңартып, қазіргі бағасын 200 мың еуроға жеткізді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo