Автор: ADMIN
Мұғалімдер мен дәрігерлер қанша жерде жұмыс істей алады? Еңбек кодексіндегі шектеулер мен мүмкіндіктер
Қазақстанда бір уақытта бірнеше жұмыс орнында еңбек етуге рұқсат етілген. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер түрлі мекемелерде қатар жұмыс істей алады, тек тәуліктік жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы шарт, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде дәрігерлердің күніне 6 сағаттан екі мекемеде қатар қызмет ету тәжірибесі кең таралған. Ал тазалық саласының мамандары 4 сағаттан үш жұмыс берушімен келісімшарт жасай алады.
Сала ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлер, күзетшілер, бағдарламашылар, педагогтер мен журналистер сияқты мамандық иелері де 2-3 жұмыс орнында қатар еңбек етуі мүмкін. Дегенмен 18 жасқа толмағандарға, ауыр немесе зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге қосымша қызмет істеуге тыйым салынады.
Ал мемлекеттік қызметкерлерге заң бойынша қосымша табыс әкелетін жұмысқа орналасуға рұқсат жоқ. Олар тек педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметпен ғана айналыса алады. Ал кәмелетке толған кез келген азамат заң талаптарын сақтай отырып қосымша жұмыс табуға құқылы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд