Автор: ADMIN
Олимпиада-2028: ХОК стипендиясын иеленген қазақстандық спортшылар тізімі жарияланды
Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясына ие болған қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл бағдарлама спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдауға бағытталған. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұлттық федерациялармен және ХОК-пен бірлесіп үміткерлерді таңдады. Гендерлік теңдік сақталып, әр спорт түрінен бір ер және бір әйел спортшы ұсынылды.
Стипендия оқу-жаттығу жиындарына, жеке дайындықтарға, бапкерлер еңбекақысын төлеуге, медициналық қызметке және сақтандыруға жұмсалады.
Бағдарламаға енген қазақстандықтар қатарында Аида Әбікеева мен Сағындық Тоғамбай (бокс), Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбужақынова (дзюдо), Милад Карими (гимнастика), Руслан Курбанов (семсерлесу), Исхар Курбаев (грек-рим күресі), Ризабек Айтмұхан (еркін күрес) және тағы басқа спортшылар бар. Бұл мүмкіндік оларға Олимпиада-2028 ойындарына сапалы дайындық жүргізуге жол ашады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo