Автор: ADMIN
Мбаппе, Винисиус, Беллингем: «Реал» «Қайратқа» қарсы ойында алаңға шығатын құрамын жариялады
Мадридтің әйгілі «Реал» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші топтық кезеңіндегі келесі кездесуіне дайын. Команда ресми сайтында қазақстандық «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа шақырылған футболшылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Еурокубоктың екінші туры Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйек, сейсенбі күні өтеді. Ойын жергілікті уақыт бойынша 21:45-те басталмақ. Бас бапкер Хаби Алонсо бұл матчқа үздік құрамын ұсынды.
Мадридтіктердің тізімі келесідей:
Қақпашылар – Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро.
Қорғаушылар – Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес.
Жартылай қорғаушылар – Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Орельен Тчуамени, Федерико Вальверде, Арда Гюлер, Дани Себальос.
Шабуылшылар – Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Дегенмен, «Реал» қорғаныс шебінде бірқатар маңызды ойыншыларын жоғалтты. Жарақатына байланысты Антонио Рюдигер, Ферлан Менди және Трент Александер-Арнольд Алматыға келе алмайды. Ал «Атлетикоға» қарсы өткен соңғы ойында (2:5) қызыл қағаз алған команда капитаны Дани Карвахаль да бұл матчта алаңға шықпайды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu