Автор: ADMIN
Апорт алмасы қайта жаңғыруда: Қазақстанда әйгілі сортты қалпына келтіру жұмысы қарқын алды
Қазақстанда әлемге әйгілі «Апорт» алмасының бірегей сортын қайта жаңғырту ісі жүйелі түрде қолға алынуда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Талғар» аймақтық филиалына барып, жобаны іске асыру барысын талқылады. Көшпелі кеңес барысында «2025–2028 жылдарға арналған “Апорт” сортын қайта жаңғырту» жол картасының орындалуы бойынша есептер тыңдалып, өзекті мәселелер мен оларды шешу тетіктері қарастырылды.
Жоба аясында өткен жылы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде Сиверс жабайы алмасының 60 мың тұқымы жиналып, арнайы алқаптарға егілді. Сонымен қатар 0,7 гектар аумақта көшетхана салынды. Биылғы ақпанда 0,5 гектар жерде қысқы егу жүргізіліп, нәтижесінде «Апорт» сортынан 2100 түп көшет өсірілді. Күзде 10 гектар апорт бағы отырғызылып, 2027 жылға қарай мұндай алқаптың жалпы көлемін 110 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Қыркүйек айында институт базасында «Бақ күні» шарасы өтіп, селекционер-ғалымдар өздерінің жаңа зерттеу нәтижелері мен болашақтағы жоспарларын таныстырды. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. «Апорт» – қазақ жерінің символы әрі құнды мәдени мұра ретінде қайтадан өз биігіне көтерілуі тиіс деген мақсат алға қойылған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
28 қазан – Халықаралық анимация күні
28 قازان – حالىقارالىق انيماتسييا كۇنى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения