Автор: ADMIN
“Қайрат” – “Реал Мадрид” ойынында италиялық төрешілер қазылық етеді
Алматыдағы көптен күткен “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойынына кім төрелік ететіні белгілі болды. Турнирдің негізгі кезеңіндегі екінші тур матчын италиялық төрешілер бригадасы басқарады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бас төреші міндеті тәжірибелі Марко Гуидаға жүктелді. Оған көмекші ретінде Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти қызмет етеді. Ал төртінші төреші – Симоне Соцца да Италиядан келген.
Еске сала кетейік, ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матчты Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.
Осыған дейін, 29 қыркүйекте мадридтік “Реал” Алматыға ұшып келді. Бас бапкер Хави Алонсо бұл ойында тәжірибелі футболшыларға сенім артатынын айтты. Оның тізімінде Тибо Куртуа, Джуд Беллингем, Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе және Родриго сынды жұлдызды ойыншылар бар.
Айта кетсек, алдағы уақытта “Қайрат” “Реал Мадридпен” қатар, “Интер”, “Арсенал”, “Брюгге”, “Олимпиакос”, “Пафос” және “Копенгаген” клубтарымен де жасыл алаңда күш сынасады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo