Автор: ADMIN
“Қайрат” – “Реал Мадрид” ойынына байланысты Алматыда бірнеше көше жабылады
Бүгін, 30 қыркүйекте Алматы Орталық стадионында өтетін “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы тарихи ойынға орай қалада жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды алдын ала жолын жоспарлап алуға шақырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қалалық ПД мәліметінше, матч кезінде полиция күшейтілген қызмет атқару режиміне көшкен. Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданды. Әсіресе стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылады.
Полиция тұрғындардан түсіністік танытып, қозғалыс схемасын ескеруді сұрайды.
“Азаматтарға түсіністік танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл –қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, іс-шараның жайлы өтуіне бағытталған уақытша қабылданған шаралар”, – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы бүгін сағат 21:45-те басталады. Бұған дейін полиция жанкүйерлерге қозғалыстағы өзгерістерге дайын болуды ескерткен еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı