Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2025-09-30 17:50:00

Следуй за нами

62

Алматы “Қайрат” – “Реал Мадрид” ойынына дайын: жанкүйерлерге тегін автобустар жүреді

news single

Алматыда 30 қыркүйек күні өтетін тарихи матч – “Қайрат” пен әлемнің әйгілі “Реал Мадрид” арасындағы кездесуден кейін қала тұрғындарына ерекше жағдай жасалады. Жанкүйерлер ойыннан соң үйлеріне еш қиындықсыз жетуі үшін әкімдік 60 арнайы автобусты тегін жолға шығарады, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Орталық стадион испандық клубты қарсы алуға толық дайын екені айтылды. Халықаралық талаптарға сай жарықтандыру жүйесі, алаң сапасы, төрешілер мен ойыншыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер түгелдей тексерілді. Сонымен қатар көрермендердің жайлылығы үшін стадионның іші жаңартылып, 1,5 мыңнан астам жаңа орындық орнатылып, санитарлық жағдай да жақсартылды. Қосымша 60 биодәретхана қойылған.

 

Матч аяқталған соң автобустар алты бағыт бойынша қатынайды. Олар Абай, Сәтбаев және Байтұрсынұлы көшелері арқылы жүріп, “Алматы Арена”, Алматы-1 вокзалы, “Орбита”, “Жұлдыз” және әуежайға дейін жеткізеді.

 

Қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Қала бойынша тәртіпті қадағалауға 2 382 полиция қызметкері жұмылдырылады. Ал метро жұмыс уақыты түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды. Әсіресе “Байқоңыр” және “М.Әуезов атындағы театр” бекеттерінде қосымша қызметкерлер жұмыс істейді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться