Автор: ADMIN
“Қайрат” тарихи матчта “Реал Мадридке” есе жіберді
UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойында қазақстандық “Қайрат” әлемнің ең мықты клубтарының бірі – мадридтік “Реалға” қарсы шықты. Көптен күткен кездесуде алаң иелері табандылық танытқанымен, матч 0:5 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алғашқы минуттардан-ақ алматылық команда белсенді ойын көрсетті. Шабуылшы Дастан Сәтпаев баспен қақпаға бағыттаған добын Тибо Куртуа қайтарып үлгерді. Бұдан кейін де бірнеше қауіпті сәт туындағанымен, есеп ашылмады.
26-минутта “Қайрат” қорғаушылары өз айып алаңында қателік жасап, Килиан Мбаппе пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Бірінші тайм “Реалдың” 1:0 есебіндегі басымдығымен аяқталды.
Екінші кезеңде мадридтік клуб тәжірибесін көрсетті. Мбаппе тағы екі мәрте мергендігін танытып, Камавинга да гол соқты. Қосымша уақыт берілгенімен, есеп өзгермеді. Қорытындысында ойын 0:5 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, “Қайрат” алғашқы турда Португалияның “Спортингінен” 1:4 есебімен ұтылған болатын. Алдағы кезеңдерде алматылықтар Италияның “Интері”, Англияның “Арсеналы”, Бельгияның “Брюггесі”, Грекияның “Олимпиакосы”, Кипрдің “Пафосы” және Данияның “Копенгагенімен” кездеседі. Жалпы команда 8 ойында бақ сынайды: төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قازاقتىڭ بالاعا ايدار, تۇلىم قويۋىندا نە مان بار?
Qız wzatu
Қазақтың балаға айдар, тұлым қоюында не мән бар?
Последние новости
Qız wzatu
قىز ۇزاتۋ
Қыз ұзату