Автор: ADMIN
Қазақстандағы мектеп асханаларында жаңа стандарт: зиянды тағамдарға тыйым салынды
1 қыркүйектен бастап еліміздің мектептері, балабақшалары, колледждері мен сауықтыру лагерьлерінде тамақтанудың жаңа ережелері енгізілді. Жаңа талап балалардың денсаулығына зиянды тағамдарды шектеп, пайдалы өнімдердің үлесін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Стандарт Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ЮНИСЕФ, ДДҰ және Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп дайындалған. Бұдан былай ас мәзірінде шұжық пен қақталған тағамдар болмайды, ал тәтті газдалған сусындардың орнына су, сүт, айран, жеміс шайы және аз қантты компот беріледі.
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасовтың айтуынша, енді балалар тұз бен қантты аз тұтынып, көкөніс пен сүт өнімдерін көбірек пайдаланады.
«Сонымен қатар, стандарт алғаш рет шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын жеке талаптарды; арнайы диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды қамтиды және “Жеуге жарамсыздық индексі” ұғымы енгізілді,» – деді ол ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı