Автор: ADMIN
«Тобыл» Қазақстан кубогының үш дүркін иегері атанды
Қостанайдың «Тобыла» тағы да тарихқа енді – команда 2025 жылғы Қазақстан кубогын жеңіп алып, өз жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Қызылордада өткен финалда қостанайлықтар шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Матч Қызылорданың жаңа «Қайсар Арена» стадионында өтті. Бұл – 11 мың орындық аренаның алғашқы ресми ойыны. Кездесудің 19-минутында капитан Асхат Тағыбергеннің соққысынан кейін беларусь шабуылшысы Николай Сигневич қақпа торын тулатып, есепті ашты. Ал 33-минутта Ислам Чесноков серпілген допты тиімді пайдаланып, таблодағы көрсеткішті еселеді.
Осылайша, «Тобыл» өз тарихындағы үшінші кубогын иеленді. Бұған дейін команда 2007 және 2023 жылдары да чемпион болған. Енді қостанайлықтар трофей саны бойынша «Астана» және «Жеңіс» клубтарымен теңесті — әрқайсысында үш жеңіс бар. Ал көш басында он мәрте жеңіске жеткен «Қайрат» тұр.
Бұл жеңіс «Тобылға» келесі маусымда Конференциялар лигасында ел намысын қорғау құқығын сыйлады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo