Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-10-05 20:47:00

Следуй за нами

51

Қазақстанда кей көліктерді әкелуге тыйым салынды: жаңа ереже 20 қазаннан күшіне енеді

news single

20 қазаннан бастап Қазақстанға кейбір көлік түрлерін әкелуге ресми түрде тыйым салынады. Жаңа талаптар Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 23 мамырдағы №45 шешіміне сәйкес енгізіліп отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.

 

Бұл құжат “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентке өзгерістер енгізуді көздейді. Енді “жекелеген көлік құралы” ұғымы жаңаша түсіндіріледі. Қазақстан азаматтары жеке пайдалану үшін тек белгілі бір санаттағы көліктерді ғана шетелден әкеле алады.

 

20 қазаннан кейін елге тек төмендегі көліктерді әкелуге рұқсат беріледі:

 

  • жеңіл автокөліктер (медициналық мақсаттағы арнайы көліктерден басқа);
  • жолсыз жермен жүретін техникалар – квадроциклдер, мотовездеходтар, сноубайктар (жарыс көліктерін қоспағанда);
  • мотоциклдер, мотороллерлер және мопедтер;
  • шағын жүк көліктері мен 12 орынға дейінгі микроавтобустар;
  • толық салмағы 5 тоннадан аспайтын жүк көліктері (радиоактивті материал тасымалдайтын көліктерден басқа).

 

 

Ал ауыр жүк көліктері, автобустар және кейбір арнайы техника түрлерін елге кіргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар әрбір көлік құралы қауіпсіздік сертификатына ие болуы міндетті. Онсыз көлікті кедендік рәсімдеуге, техникалық паспорт алуға, утилизациялық төлем төлеуге немесе мемлекеттік тіркеуге қоюға болмайды.

 

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап қазақстандық жүргізушілер өз автокөліктерінің нөмірін еркін таңдай алады. Мәселен, стандартты нөмір 12 110 теңге тұрса, 010, 070, 090 секілді нөмірлердің бағасы 246 525 теңгеден басталады. Ал 111, 222, 999 сияқты ерекше нөмірлер — 592 525 теңге, VIP-нөмірлер (001, 007, 777 және т.б.) — 986 100 теңге тұрады. Тіпті 123AZA01 секілді өз комбинацияңызды жасауға да мүмкіндік бар — оның бағасы 43 250 теңге болады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться