Автор: ADMIN
«Қайрат» алаңында «Жетісуға» еш мүмкіндік қалдырмады — 5:0!
Алматылық «Қайрат» өз жанкүйерлерінің көз алдында тамаша ойын өрнегін көрсетіп, «Жетісуды» ойсырата жеңді. Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы бұл кездесуде есеп 5:0 болып тіркелді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ойынның тағдыры алғашқы таймда-ақ шешілді. 9-минутта 17 жастағы Дастан Сәтпаев пенальтиден дәл соққы жасап, чемпионаттағы 12-голын тіркеді. Көп ұзамай португалиялық легионер Жоржиньо есепті еселеп, ал 35-минутта дубль авторы атанды. Тайм соңында бразилиялық Эдмилсон Сантос командасының төртінші голын соғып, интриганы түбегейлі жойды. Қорытынды есепті 90-минутта Азамат Тұяқбаев бекітті — 5:0.
Бұл жеңістен кейін Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын «Қайрат» 55 ұпай жинап, 53 ұпайы бар «Астананы» артқа тастап, турнирлік кестеде көш бастады. Ал Самат Смақовтың шәкірттері 21 ұпаймен 11-орынға сырғыды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قارىن تۇيرەۋ تۋرالى نە بىلەمىز?
Qazaqtıñ balağa aydar, twlım qoyuında ne män bar?
قازاقتىڭ بالاعا ايدار, تۇلىم قويۋىندا نە مان بار?
Последние новости
Qız wzatu
قىز ۇزاتۋ
Қыз ұзату